АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: КЕЛЕСТЕ 7 МЫҢНАН АСА АДАМ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: КЕЛЕСТЕ 7 МЫҢНАН АСА АДАМ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Келес ауданында Алғыс айту күніне орай ауқымды сенбілік шарасы ұйымдастырылды. 7 мыңнан аса адам қатысқан тазалық шарасына аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевта қаысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Аудан басшысы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, тұрғындарды елді мекендерді тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймақтарын қамтыған нағыз халықтық қозғалысқа айналды. Биылғы жылы акция бұдан да ауқымды және көп қырлы бола отырып, жаңа серпін алды. Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде жүзеге асыруға, ауыл мен елді мекендерде тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз. Туған жерімізді бірге көркейтейік, – деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Мерекеге орай ұйымдастырылған тазалық шарасында аудан аумағындағы көше бойларының, арық атыздардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің аумақтары күл қоқыстардан тазартылды. Сенбілік барысында аудандық елді мекендер аумағында 6 мыңнан аса ағаш егіліп, 8 техника жұмылдырылды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981505?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *