КЕЛЕСТЕ АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АЯУЛЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕСТЕ АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АЯУЛЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Келес аудандық мәдениет үйінде «Әлемді тербеген-Ана» атты салттанатты жиын өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні келестік аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Салтанатты шарада аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады.
— Қазақ халқы қашанда әйел затын ерекше құрметтеп, ананы ардақтаған, қызды қастерлеген. “Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді” дейді дана халқымыз. Баланың бойына ең алғашқы адами қасиеттерді, ұлттық құндылықтарды сіңіретін – ана. Бүгінде қоғамда әйелдер отбасының ұйытқысы болып қоймай, түрлі салада табысты еңбек етіп жүр. Десе де, олардың бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігі ешқашан төмендеген емес. Себебі тәрбиелі, білімді ұрпақ – мықты мемлекеттің кепілі. Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін, – деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы әпке-қарындастар тақырыбында болды. Түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981515?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *