
КЕЛЕС: АЯУЛЫ АНАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Тіршіліктің тынысында тағы да бір жылдың күлімдеп, таң арайын атқызған наурыз айы да келіп жетті. Көктеммен бірге келетін жылулықтың, әдеміліктің, сұлулықтың символдары бола білген ақ жаулықты аналарымыз бен аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі келеді.
Жылына бір келетін мереке қарсаңында, Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, Мақсат Тұрдиев, Сүлеймен Жылқыбаев және аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов аймақтағы ардақты аналардың үйлеріне барып, мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Мерекелік құттықтау кезінде ақ жаулықты аналарымыз елде жасалып жатқан оңды істерге ризашылығын білдіріп, ақ тілек баталарын берді.
Айта кетейік, Келес ауданында 5 670 көп балалы аналар тұрады. Оларға биыл 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде осы айдың ішінде сыйақы беру жоспарланған. Алтын, күміс алқа иегерлері және Батыр ана, Ана даңқы ордені бар, 1-2 дәрежелі ана орденімен наградталғандарға белгіленген сыйақыны беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981514?lang=kk
Добавить комментарий