
КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ДӘРІПТЕЛДІ
Келес ауданында «Дала рухы» атты ұлттық ойындар фестивалі өтті. Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен өткен сайыстың басты мақсаты – қазақ халқының рухани дүниесін жаңғырту және жастар арасында ұлттық бірегейілікті қалыптастыру болып табылады. Ұлттық спорттық доданың ашылу салтанатына қатысқан Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев ұлттық құндылықтарды сақтап, насихаттау маңызды екенін атап өтті.
– Дала рухы – бұл қазақ халқының мәдениеті, тарихы, ұлттық дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын зерттеп, сақтап, насихаттау. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлері – ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұра. Қазіргі таңда бұл құндылықтар ұмытыла бастады, сондықтан да олардың жаңғыруы, ұрпаққа жеткізілуі өте маңызды, – деді Даурен Нұрданұлы.
Қатысушылар сайыста 6 түрлі спорт түрінен өзара мықтыны анықтады. Нақтырақ айтсақ, садақ ату, қазақша күрес, қошқар көтеру, көкпар жекпе-жегі, аударыспақ және командалық арқан тартыс сайыстары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтөбе ауылдық округі иемденсе, күміс жүлдеге Қошқарата ауылдық округінің балуандары қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынды жамбылдық жастар қанжығасына байлады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981532?lang=kk
Добавить комментарий