КЕЛЕС: ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕС: ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Биыл Келес ауданында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары қырқынды жүзеге асырылуда. Аудандағы жалпы жер аумағы 17 секторға бөлініп, нақты шаралар қолға алынды. Қазіргі таңда зиянкестермен күресуге 448 анықтаушы, сондай-ақ жергілікті әкімдіктердің жауапты қызметкерлері атсалысуда. Осы жұмыстарға қосымша 170 ерікті ауыл тұрғыны Жамбыл ауылдық округінде анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда ауданда 100 дана дәрі себетін аппарат пен 130 дана ветеринарияға тиесілі аппарат қолданылуда. Сонымен қатар, 58 дана техника іске қосылды, оның ішінде мердігерлердің 28 техникасы бар.
Ауданда орын алған жағдай бойынша өңделген жер көлемі 8 128,33 гектарға жетті, оның ішінде 7 952,65 гектар жер техникамен, ал 175,68 гектар жер аппараттармен өңделді.
Бүгінде “Болжам” орталығының мәліметіне сүйенсек, анықталған шегіртке ошақтарының саны 1 150-ге жетті. Жалпы 12 708 гектар жерді зиянкестер басып алған. Атап айтқанда, Бірлік, Жамбыл, Бозай және Ошақты ауылдық округтерінде шегірткелердің көптеп шоғырланған ошақтары бар.
Өңдеу жұмыстары күн сайын жалғасуда. Мысалы, 10 сәуір күні бір күнде 3 773,85 гектар жер өңделіп, оның ішінде 3 755 гектары техникамен, 18,85 гектары жер аппараттармен өңделді. Әрбір өңделген гектар жер шегіртке зиянкестерінен толықтай тазартылуда.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан шаралар тек жергілікті мемлекеттік органдар мен ауыл әкімдіктерінің ғана емес, сонымен қатар ерікті тұрғындардың да қатысуымен жүзеге асуда. Мұндай бірлескен жұмыс аймақтағы егістіктер мен ауыл шаруашылығының сақталуына үлкен септігін тигізеді.
Айта кетейік, бұл жұмыстар ауданның ауыл шаруашылығын қорғау және өнімділік деңгейін сақтау үшін маңызды әрі қажетті шара болып табылады. Келес ауданының халқы мен қызметкерлері зиянкестермен күресуде бірлесе отырып, аймақтың болашағы үшін жауапкершілікпен әрекет етуде.
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981572?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *