”ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰМАРТПА” ЛУДОМАНИЯ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ”.
Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастарға қолдау көрсету, жастардың қоғамдағы рөлі, әлеуметтік және тұлғалық даму барысы тақырыптарын талқылау және қоғам дертіне айналған ойынқұмарлықтың алдын алу, жастар арасында өршіп тұрған мәселені шешу мақсатында еркін форматта “Құмар ойынға құмартпа” атты кездесу өтті.
Кездесуге белгілі “Жайдарманшы”, “актёр”, “Мақтаарал” құрамасының жетекшісі; Хамит Ердехан жастарға лудомания немесе құмар ойындарға тәуелділіктің қауіптілігін түсіндіріп, осы құбылыстың қоғамға тигізетін теріс әсерін көрсету және жастарды өз өмірін саналы түрде басқаруға, дұрыс шешімдер қабылдауға шақырды.
Шараға, 300-ге жуық жастар қатысып, келген қонақтарға жан жақты сұрақтар қойылды.
Кездесу соңында қоғам белсендісі Дәулет Тайрахунов бұл дерт күн өткен сайын қанатын жайып, өмір шырғалаңында талайларды шырылдатты. Қоғамдық дертті, қоқысқа тастайтын уақыт жетті. Уақыт өткен сайын жастармыздың санасын улап, құрдымға түсіруде. Мәселені уақыттың еншісіне қалдырмай, тиісінше дұрыс әрекет жасап, жастарымызды дерттен сауықтырып, уақытты емшіге айналдыруымыз қажет, бүгінгі шарада сол мақсатта ұйымдастырылды.
Бұл кездесу жастарға құмар ойындардың зиянды әсерлері туралы ой салу үшін өткізілді. Құмар ойындарға құмартпаудың, өз өмірін бақылауда ұстаудың және болашаққа дұрыс көзқарас қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіруіміз керек.
Добавить комментарий