
КЕЛЕС: ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Келес ауданында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиын өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен өткен басқосуға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы келді.
Сонымен қатар, жиынға ауданның дербес бөлімдерінің басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері, коммуналдық мемлекеттік мекеме басшылары және ауданның білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» негізінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын сақталуына азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жиынға қатысушылар тарапынан күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қатысушылар тарапынан сұрақ, ұсыныс, пікірлер айтылды. Кездесу соңынан департамент басшысының орынбасары Берік Серікбайұлы жеке қабылдау өткізіп, сұрақтарға жауап берді.


Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981509?lang=kk
Добавить комментарий