
Ел Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыруды, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюды тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысының 109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардан түсетін өтініштерді қабылдауда.
Бірыңғай байланыс орталығы 2025 жылдың 2 айында Түркістан облысы бойынша 18 мыңнан астам өтініш қабылдаса, Келес ауданы тұрғындарынан 223 қоңырау келіп түскен. Оның 223-не дер кезінде жауап беріліп, 10 арыз-шағым иесіне жазбаша жауап берілді. Қызмет көрсетуші мекеме тарапынан жолданған жауап тұрғындарға смс арқылы жөнелтіледі.
Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Айта кетейік, операторлар орташа есеппен күніне 350-400 қоңырауға дейін қабылдайды. Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бойынша, оның ішінде жарық, ауыз су, газ, жол мәселелеріне байланысты түседі.
Байланыс орталық өтінішті жан-жақты қабылдайды. Атап айтқанда, 109 қысқа нөмірі, «Aikey» мобильді қосымшасы, turkestanobl.109@gmail.com электронды поштасы, WhatsApp желісі, телеграмда арнайы чат-боты, сондай-ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен өтінімдер қаралып, жауаптары арыз иесіне жолданады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981508?lang=kk
Добавить комментарий