
КЕЛЕС: 4 ОҚУШЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
Түркістан қаласында шығармашыл оқушыларды қолдау, дарынды балаларды анықтау мақсатында “Ілияс Жансүгіров оқулары” байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау қорытындысымен “Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлер номинациясы бойынша №5 мектептің оқушысы Сәлімбай Ақнұр Нұрланқызы екінші орынды иеленсе, “Сұлу сөздің сүлейі”номинациясы бойынша №23 “1 Мамыр” жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Адилхан Нурбибі жүлделі екінші орынды алды.
Байқаудың екінші орны “Жаз-жаз қалам жорғалап” жас ақындар номинациясында N44 “Сырдария” жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жарқынбек Заманбекке бұйырды.
Облыстық байқауда №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Анаркулова Сабина “Ілияс – қарасөз шебері” номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981553?lang=kk
Добавить комментарий