
БАЛ ОМАРТАШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Құрметті! Келес ауданының бал омарташылары 2025 жылдың сәуір айының бірінші он күндігі мен мамыр айының бірінші он күндіктері аралығында аудан аумағында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізетінін хабарлаймыз. Бірлік , Бозай, Жамбыл, Ошақты, Ақтөбе, Біртілек, Қошқарата ауыл округтерінде аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Осы аталған ауыл округтеріне қарасты жерлерде орналасқан жайылымға мал жайылмауын, бал араларыңызды химиялық өңделген жерден 4-5 шақырым жерлерге алшақ ұстау қажет екенін назарларыңызға жеткіземіз.
Келес аудандық аумақтық өсімдіктерді қорғау инспекциясының
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981554?lang=kk
Добавить комментарий