“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АУДАНЫМЫЗДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының басты мақсаты: – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
– азаматтық жауапкершілікті арттыру;
– экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту;
– қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қала, ауылдық округтерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, аудан тұрғындары, мекемелер, ұйымдар, жастар, еріктілер мен қоғамдық жұмысшылардан 19880 адам белсенді қатыстырылып, 463 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар, арам шөптер шығарылды. Ауданды көгалдандыру мақсатында көктемгі маусымға 20150 көшет отырғызылып, Шардара-Келес, Шардара-Жетісай, Шардара-Арыс облыстық маңызы бар күре жол бойына тазалық жұмыстары жүргізіліп, 169 шақырым аяқ жолдарды және 155 шақырым ирригация жүйелері тазаланып, 304 рет қоқыс шығаруға арнайы техника қатыстырылды.
Аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында еңбек ардагерлері, мәдениет, спорт саласының үздіктері және белсенді жастардың әлеуметтік желілері арқылы үндеулер және апта сайын бұқаралық ақпараттық құралдары мен әлеуметтік желілерге халықты белсене қатысуын ынталандыру мақсатында мақалалар мен бейне роликтер жариялануда.
Бүгін, ұйымдастырылған сенбілікке қала, ауылдық округтерден мемлекеттік мекемелер, ерікті жастар, тұрғындар және қоғамдық жұмысшылардан мың бесжүзге жуық белсенді қатысып ретсіз өскен арамшөптері қырқылып, қоқыс шығаруға 12 техника тартылып 42 тонна қоқыс арнайы полигонға төгілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/984051?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version