Сырдария өзенінің бойында соңғы жылдары шіркей (дернәсіл) шамадан тыс көбейіп, тұрғындардың тіршілігіне зиянын тигізіп келеді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес, бүгінгі таңда Сырдария өзенінің бойында биологиялық препараттармен дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Satti Tulik» ЖШС биологиялық препаратты суға жіберу әдісін 3 рет жүргізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елді мекен аймақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жоспарлануда.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/984050?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ