«ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ОРТАҚ МАҚСАТҚА ЖЕТУДІҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ»

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шағын жинақты мектептер педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамыту 🎨, ШЖМ-тегі мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы саласын кеңейту 🤝, өзара іс-тәжірибе алмасу алаңын құру 🧠, ШЖМ мұғалімдерінің педагогикалық цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстық «Batys TeachNET» жобасының ІІІ кезеңі 22 сәуір күні Шыңғырлау ауданының Сегізсай негізгі орта мектебінің базасында өтті 🏫.
Жобаның бағдарламасына сәйкес бірлескен командалық ашық сабақтар галереясы аясында:
• «Жүніс Сахиев. Айдағы жасырынбақ» 8 сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Г.О.Басгулова, Сегізсай НОМ А.М.Жетмекова ✍️
• «Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану» 7-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ А.К.Жекенова, Сегізсай НОМ А.С.Утегенова ➗
• «Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы» 6-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Қ.Е.Қабиев, Сегізсай НОМ А.М.Бақтиярова ⚔️
• «Касен Кайсенов. В тылу врага» 7-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ А.Ш.Таганиязова, Сегізсай НОМ Г.А.Сағынғалиева 📖
• «Мазмұны» 6-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Р.С.Исекенов, Сегізсай НОМ А.Б.Шайхиев 📝
• «Тұқым қуаулашылық пен өзгергіштің эволюциядағы маңызы» 8-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Н.Т.Саркулова, Сегізсай НОМ Б.Н.Какимоллаева 🧬
• «Иіндіктің тепе-теңдік шарты» 7-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ А.С.Сапакова, Сегізсай НОМ Р.Д.Какимоллаев ⚖️
• «The future of food» 8-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Ш.С.Елесбаева, Сегізсай НОМ Қ.Ш.Бекмагамбетова 🌱
Жобаның әдістемелік алаңы бөлімінде:
• А.Тихоненко ат.ЖОББМ химия пәні мұғалімі А.Г.Каукиева «Білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін еңгізудің тиімділігі» 🧪
• Физика пәнінің мұғалімі А.С.Сапакова және биология пәнінің мұғалімі Н.Т.Саркулова «Педагогикалық идеялар – жаңа мүмкіндіктер» тақырыптарында өздерінің құнды тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға жаңа жетістіктерге жету жолдарын атап көрсетті 🔬✨
«Бір тұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оның жүзеге асыру жолдары» бөлімінде:
• Оқу ісі орынбасары А.Е.Назарова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.О.Басгулова «Оқу үздігі» тақырыбында коучинг өткізді 📚
• Директордың тәрбие ісі орынбасарлары К.Ж.Имангалиева, Г.А.Джакиева «Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтар» тақырыптарында танымдық шаралар ұйымдастырды 🏞️
Жоба барысында педагогтер білім берудегі жаңашыл әдістерді енгізудің маңыздылығы туралы пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісу арқылы кәсіби дамуға мүмкіндік алды 💡💬
Шара соңында Білім басқармасының Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ШЖМ әдіскері Берниязова Айнагүл Қайырмұханқызы жоба жұмысының нәтижесі туралы кері байланыс беріп, жоба мазмұнын тарқата түсті 🗣️📈
Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Batys TeachNET» жобасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/985441?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *