«ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ОРТАҚ МАҚСАТҚА ЖЕТУДІҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ»

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шағын жинақты мектептер педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамыту , ШЖМ-тегі мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы саласын кеңейту , өзара іс-тәжірибе алмасу алаңын құру , ШЖМ мұғалімдерінің педагогикалық цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстық «Batys TeachNET» жобасының ІІІ кезеңі 22 сәуір күні Шыңғырлау ауданының Сегізсай негізгі орта мектебінің базасында өтті .
Жобаның бағдарламасына сәйкес бірлескен командалық ашық сабақтар галереясы аясында:
• «Жүніс Сахиев. Айдағы жасырынбақ» 8 сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Г.О.Басгулова, Сегізсай НОМ А.М.Жетмекова
• «Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану» 7-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ А.К.Жекенова, Сегізсай НОМ А.С.Утегенова
• «Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы» 6-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Қ.Е.Қабиев, Сегізсай НОМ А.М.Бақтиярова
• «Касен Кайсенов. В тылу врага» 7-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ А.Ш.Таганиязова, Сегізсай НОМ Г.А.Сағынғалиева
• «Мазмұны» 6-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Р.С.Исекенов, Сегізсай НОМ А.Б.Шайхиев
• «Тұқым қуаулашылық пен өзгергіштің эволюциядағы маңызы» 8-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Н.Т.Саркулова, Сегізсай НОМ Б.Н.Какимоллаева
• «Иіндіктің тепе-теңдік шарты» 7-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ А.С.Сапакова, Сегізсай НОМ Р.Д.Какимоллаев
• «The future of food» 8-сыныпқа – А.Тихоненко ат.ЖОББМ Ш.С.Елесбаева, Сегізсай НОМ Қ.Ш.Бекмагамбетова
Жобаның әдістемелік алаңы бөлімінде:
• А.Тихоненко ат.ЖОББМ химия пәні мұғалімі А.Г.Каукиева «Білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін еңгізудің тиімділігі»
• Физика пәнінің мұғалімі А.С.Сапакова және биология пәнінің мұғалімі Н.Т.Саркулова «Педагогикалық идеялар – жаңа мүмкіндіктер» тақырыптарында өздерінің құнды тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға жаңа жетістіктерге жету жолдарын атап көрсетті
«Бір тұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оның жүзеге асыру жолдары» бөлімінде:
• Оқу ісі орынбасары А.Е.Назарова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.О.Басгулова «Оқу үздігі» тақырыбында коучинг өткізді
• Директордың тәрбие ісі орынбасарлары К.Ж.Имангалиева, Г.А.Джакиева «Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтар» тақырыптарында танымдық шаралар ұйымдастырды
Жоба барысында педагогтер білім берудегі жаңашыл әдістерді енгізудің маңыздылығы туралы пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісу арқылы кәсіби дамуға мүмкіндік алды
Шара соңында Білім басқармасының Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ШЖМ әдіскері Берниязова Айнагүл Қайырмұханқызы жоба жұмысының нәтижесі туралы кері байланыс беріп, жоба мазмұнын тарқата түсті
Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Batys TeachNET» жобасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/985441?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version