Бүгін Алатау ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Қабылдауға аудандық мәслихат депутаттары Хабидулла Нышанбаев, Ерболат Жабаев және Мақсат Тұрымбетов қатысып, тұрғындардың жеке мәселелері мен өтініштерін тыңдады. Әрбір азаматтың көтерген мәселесіне мұқият көңіл бөлініп, нақты жауаптар беріліп, шешу жолдары ұсынылды.
Жиынды партияның атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров жүргізіп, қабылдауды ашық әрі еркін форматта өткізді.
Кездесу соңында ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/984005?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ