БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ 30 ЖЫЛ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, аудандық Мәдениет үйінде Төлеби ауданындағы “Возрождение” неміс этномәдени орталығының ұйымдастыруымен ерекше шара өтті.
 
Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудандық мәслихат депутаты Сакен Маженов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек және зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Қазақстан – түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрі тоғысқан бейбіт ел. Бірлік пен келісім – біздің басты байлығымыз. Бұл жолда еліміздегі әр этностың өзіндік үлесі бар, соның бірі – ауданымыздағы “Возрождение” орталығы.
Олар өңірдегі рухани іс-шараларға белсене қатысып, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде елеулі еңбек етіп келеді. Қоғамдық-саяси өмірде де өз орнын айқындап, береке мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетуде.
Төле бабамыз айтқандай, «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ».
Ендеше, татулығымызды ту етіп, елдігімізді одан әрі нығайта берейік!
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/984003?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version