СЕРІК ТЕМІРЛАН – ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ!

Опубликовано:

Автор:

в категории
2026 жылдың 26-29 наурыз күндері аралығында Қарағанды қаласында дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Серік Темірлан 66 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей, айқын басымдықпен ел чемпионы атанды.
Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің, жігер мен қайсарлықтың жемісі.
Осы орайда, чемпионды оның жаттықтырушысы Қойбағаров Бекболатпен бірге аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында жеңімпазға және оның жаттықтырушысына аудан басшысы Алғыс хаттар табыстап, сый-сияпат жасады.
Аудан әкімі Арман Романұлы ел чемпионы Серік Темірланға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, әлемдік және олимпиадалық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқата беруіне тілегін білдірді.
Жас спортшымыздың жеңісі – барша ауданымыз үшін зор мақтаныш!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1192412?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *