12 ақпан күні еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас педагогтер, психологтар және тәлімгерлер арасында сырттай байқау ұйымдастырылды.

Байқау жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, үздік педагогикалық идеяларды қолдауға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды.

Қатысушылар өзін-өзі таныстырып, педагогикалық ұстанымдарын ортаға салды, сондай-ақ TED форматында өз жобаларын қорғап, тың идеяларын ұсынды.

Жаңашыл ойлар мен батыл бастамалар – сапалы білімнің кепілі.

Үздік деп табылған жас педагогтер олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177919?lang=kk
Добавить комментарий