«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы оздырылды

Опубликовано:

Автор:

в категории
12 ақпан күні еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас педагогтер, психологтар және тәлімгерлер арасында сырттай байқау ұйымдастырылды.
✨Байқау жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, үздік педагогикалық идеяларды қолдауға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды.
✨Қатысушылар өзін-өзі таныстырып, педагогикалық ұстанымдарын ортаға салды, сондай-ақ TED форматында өз жобаларын қорғап, тың идеяларын ұсынды.
✨ Жаңашыл ойлар мен батыл бастамалар – сапалы білімнің кепілі.
✨Үздік деп табылған жас педагогтер олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.
✨Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177919?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *