РЕСПУБЛИКА КҮНІ АЯСЫНДА ҰЗЫН АТА АУЫЛЫНДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР «НҰРМАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ КҮРІШ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Шардара ауданының Ұзын ата ауылдық округінде 25 қазан – Республика күні аясында және ауылдың 55 жылдық мерейтойына орай жеке кәсіпкер «Нұрман» шаруа қожалығының күріш өңдеу цехының ашылу салтанаты өтті.
 
Салтанатты шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов, «АMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, ауыл әкімі Ғани Есімханов, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
 
Ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов пен ауыл ақсақалы Сламбек Мергенбаев жаңа цехтың лентасын қиып, кәсіп иесіне сәттілік тіледі.
 
Жеке кәсіпкер Дәурен Нұрманның жетекшілігіндегі шаруа қожалық бүгінде 420 гектар алқапқа күріш егіп, гектарына орта есеппен 70 центнерден өнім алып, жалпы 3000 тоннаға жуық күріш жинаған. Өнімнің сапасы жоғары «Лазер» және «Атаман» сорттары өсірілген. Цехтың іске қосылуы нәтижесінде ауылда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093536?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *