
Шардара ауданының Ұзын ата ауылында 25 қазан – Республика күні аясында және елді мекеннің 55 жылдық мерейтойына арналған «Киелі мекен – Ұзын ата» атты салтанатты кеш өтті.
Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов ауыл тұрғындарын 25 қазан – Республика күнімен және елді мекеннің 55 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен еңбек майталмандарына «Ұзын ата ауылына 55 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Кеш аясында ауылдың тарихы мен игі дәстүрлерін қамтыған «Киелі Ұзын ата» атты естелік кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл еңбек ауылдың өткені мен бүгіні арасындағы сабақтастықты айқындап, келер ұрпаққа тағылымды мұра болмақ.
Ауыл әкімі Ғани Есимханов ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, елді мекеннің құрылу тарихына тоқталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға «Ұзын ата ауылына 55 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Мерекелік бағдарлама аясында ауылда ұлттық спорт түрлерінен – қой көтеру, гір тасын көтеру, қазақша күрес және арқан тарту сайыстары өтті. Сонымен қатар ауыл жастары мен өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093535?lang=kk

Добавить комментарий