Бірлескен семинар – кеңес …

Опубликовано:

Автор:

в категории

🏛️Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі А.Ертаевтың және Министрліктің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасы М.Ахметовтың тапсырмаларына сәйкес, 2025 жылдың 1 тамызында Алматы және Жетісу облыстарының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменттерінің бастамасымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында, кәсіподақтар конфедерациясы, кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер, кәсіпорын өкілдерімен және өзге де заңды тұлға бірлестіктерімен әлеуметтік шиеленістер және дауларының алдын алу, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуы бойынша алғашқы бірлескен семинар – кеңес өтті.

📌 Кеңестің басты миссиясы – еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, инспекция мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды өзектендіру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын бірлесіп қорғауды қамтамасыз ету.

📝 Кездесу соңында аумақтық Департаментер басшылары Т.Өміралиев, Б.Молдахметов және Облыстық Кәсіподақ төрағасы А.Қыдырманов еңбек даулары мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жалақыны уақтылы төлеу, жазатайым оқиғалардан сақтандыру және еңбек шарттарын электронды нұсқада уақытылы рәсімдеу мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісіп, шешу жолдарын талқылады.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1045273?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *