Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан  

                               халқының назарына!

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отызыншы сессиясы 2025 жылғы 10 шілде күні сағат 17.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.

       Мекен жайы:  Қазығұрт   ауылы, Қонаев көшесі № 95.

       Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 10 шілде күні сағат 16.00- де өткізіледі.

 

                     Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

 

  1. Қазығұрт ауданы бойынша ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы.
  1. Қақпақ ауылы округі әкімінің есебі туралы.
  2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендеріндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы ұсыныстар енгізу туралы.

 

      Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.  

                                                            

                                                                                                   Т.Калымбетов

                                                                                  аудандық мәслихат төрағасы.

                                                                                

                                                                          

           Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1029400?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *