Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отызыншы сессиясы 2025 жылғы 10 шілде күні сағат 17.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 10 шілде күні сағат 16.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Қазығұрт ауданы бойынша ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы.
- Қақпақ ауылы округі әкімінің есебі туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендеріндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы ұсыныстар енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1029400?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ