КЕЛЕС: ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕС: ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ауа-райының қолайсыздығына орай, аудандағы елді мекендердің автокөлік жолдарын қардан аршу бойынша жұмыстар аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасы негізінде жүзеге асуда. Келес ауданында қар тазалау жұмыстары ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар нысандарға апаратын бағытта және аудандағы басты көшелерде жүргізілуде.
– Ауа температурасы төмен және құрғақ қар түскен жағдайда қар алдымен күреледі. Содан кейін ғана инертті материалдар себіліп, артынша сыпыру жұмыстары орындалады. Ал, ылғалды қар жауса, бірінші кезекте инертті материалдар себіліп, кейін қар күреу жұмыстары жүргізіледі. ауа райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстарына аудандағы барлық техника толық жұмылдырылды, – деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаев.
Айта кетейік, Келес ауданы әкімдігіне қарасты «Келес қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан орталығы Абай ауылын қар тазалау жұмыстарына 5 техника және 20 жұмысшы жұмылдырған. Алдағы уақытта, аталмыш жұмыстар аудан әкімі аппаратының тікелей бақылауында болады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981506?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *