КЕЛЕСТЕ БАЛЫҚ ШАРУШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕСТЕ БАЛЫҚ ШАРУШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Келес ауданы соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жаңа бағытты — балық шаруашылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Ауданның табиғи жағдайлары, су көздерінің молдығы және климаттық ерекшеліктері балық шаруашылығына қолайлы жағдай туғызады.
 
Аудан тұрғындары балық шаруашылығы саласына белсене қатысып, жаңа технологияларды қолдануда. Олардың арасында Ақтөбе ауылдық округіндегі «Бозсу» шаруақожалығы 4,8 гектар аумаққа балық өсіріп, дайын өнімді ішкі нарыққа шығаруда.
 
— Бүгінде балықтың «Амурь» және «Сазан» түрін өсірудеміз. Шабақты Өзбекстан Республикасынан және көрші Сарыағаш ауданынан алдық. 1 млн балық ұрығын тастап, 80 мың балықтың «Амурь» түрін шығардық. 150 грамм болғанда шаруларға саудаладық, – дейді шаруақожалық басшысы Сапарғали Құдайбердиев.
Келес ауданында балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар көбейіп, бұл жергілікті экономиканың дамуында маңызды рөл атқаруда. Сонымен қатар, балық шаруашылығын дамытудың экологиялық тұрғыдан да маңызы зор, өйткені жергілікті су айдындарында биологиялық теңгерімді сақтау үшін арнайы шаралар қолға алынған.
 
Алдағы уақытта Келес ауданында балық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін жаңа инвестициялар тартылып, заманауи технологиялар қолданылатын болады. Балық өндірісінің көлемін арттыру, оның сапасын жақсарту және өнімдерді өңдеу бағытында шаралар қабылдануда.
 
 
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981564?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *