В Актау прошёл марафон «закон и порядок – основа безопасного общества»

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Профилактика басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» атты спорттық марафон өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Марафонға Полиция департаментінің басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары, аттестатталған қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 4-курс студенттері, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұқан Алмас Мешітбайұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың тәртіпті, төзімділікті және командалық рухты қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Ақтау қаласының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Бағлан Бақытбекұлы Жолдасов қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, жарыстың ұйымдастырылуына атсалысты.

Жарыс барысында қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп, жүгіруден бақ сынады. Марафон қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін арнайы медальдар табысталды.

Мұндай спорттық бастамалар полиция қызметкерлерінің дене дайындығын жетілдіруге, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, ал қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!

#ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізҚоғам #МаңғыстауПолициясы #СалауаттыӨмірСалты #БұқаралықСпорт

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1313766?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version