2026 жылғы 13 маусымда «Ақ-Бидай – 2026» жазғы спорт мерекесі аясында Тимирязев ауданының ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті.

Опубликовано:

—

Автор:

в категории
2026 жылғы 13 маусымда «Ақ-Бидай – 2026» жазғы спорт мерекесі аясында Тимирязев ауданының ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті. Жарысқа ауылдық округтердің 6 командасы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, спорттық рух пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Тартысты әрі қызықты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1 орын — Комсомол ауылдық округі
🥈 2 орын — Тимирязев ауылдық округі
🥉 3 орын — Москворецк ауылдық округі
4️⃣ 4 орын — Хмельницкий ауылдық округі
5️⃣ 5 орын — Куртай ауылдық округі
6️⃣ 6 орын — Дмитриев ауылдық округі
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ барлық командаларға белсенді қатысқандары, тартысты әрі әдемі ойын өрнегін көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Спортшыларға алдағы уақытта зор денсаулық, толағай табыстар және жаңа жеңістер тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ofks-timirazevo/press/news/details/1313552?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *