«Закон и Порядок»: в районе «Сарыарка» обсудили безопасность молодежи

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында студенттермен профилактикалық кездесу өтті. Оған 500-ге жуық жас қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік және әр адамның өз іс-әрекетіне жауап беруінің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесуде аудан прокуратурасының, полицияның, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және «Qamqor Astana» қоғамдық қорының өкілдері сөз сөйледі. Олар есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың, заңсыз қаржылық схемалардың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қозғады. Сондай-ақ білім беру ортасындағы қауіпсіздік пен жастардың деструктивті діни ағымдарға тартылуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Студенттерге сыни ойлаудың, заң талаптарын сақтаудың және интернетте сақ болудың маңыздылығы ескертілді. Өз құқықтары мен міндеттерін білу қауіпті жағдайларды дер кезінде тануға, күмәнді ұсыныстардан сақтануға және саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1312018?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version