“Қарттарым – асыл қазынам”атты мерекелік іс-шара өтті

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

2026 жылғы 14 қазанда Тасты ауылының мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Тасты ауылдық округінің әкімі Е.М. Сабыров 70 жасқа толған мерейтой иелеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хаттар табыстады.

Қарияларымыз – халқымыздың баға жетпес байлығы, өмірлік тәжірибесі мен өнегесінің қайнар көзі. Үлкенді құрметтеу, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге ізет көрсету – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл дәстүріміз.

Мерейтой иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз! Әрдайым ортамызда абыройлы болып, ұрпақтарының қызығын көре берсін! 💐

Құрметпен, Тасты ауылдық округінің әкімдігі.

#ҚарттарымАсылҚазынам #ҚарияларымызғаҚұрмет #ТастыАуылдықОкругі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-tasty/press/news/details/1311433?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version