ҚАРАМЕНДЕ БИДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АЙНАЛАСЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛДЫ 
Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны абаттандыру — әрбір азаматтың ортақ міндеті! Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қараменде би ауылдық округінде маңызды шара өтті. Ауыл тұрғындары мен белсенділердің қатысуымен жергілікті медициналық пункттің айналасына жас көшеттер отырғызылды. 
Бұл бастаманың басты мақсаты:
Ауылдың экологиялық жағдайын жақсарту;
Денсаулық сақтау нысанының маңайын абаттандырып, келушілерге жайлы орта қалыптастыру;
Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Егілген әрбір ағаш — ауылымыздың ертеңгі жасыл әрі таза болашағына қосылған үлес. Жасыл желекті күтіп-баптау, тазалықты сақтау – бәрімізге ортақ іс!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay-karamende/press/news/details/1310984?lang=ru

Добавить комментарий