Есірткі айналымы тек қылмыстық құқықбұзушылық қана емес, ол тұтас әлеуметтік дертке айналып отыр.
Бұл мәселенің алдын алуда құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы, жастар арасында түсіндіру және алдын алу шаралары, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау ерекше рөл атқарады. Әсіресе синтетикалық есірткілердің интернет арқылы таралуы қоғамның барынша қырағы болуын талап етеді.
Әрбір ата-ана, ұстаз және азамат жастарды дұрыс жолға бағыттап, олардың бос уақытын пайдалы істерге жұмсауына ықпал етуі қажет. Спорт, білім және мәдени құндылықтар – есірткіге қарсы ең тиімді балама.
Есірткісіз қоғам – қауіпсіз болашақтың кепілі. Заң мен тәртіпті сақтай отырып, ортақ күшпен ғана бұл қауіпті дертке тосқауыл қоя аламыз
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-talapty/press/news/details/1309488?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ