Проведена разъяснительная работа по вопросам согласования декларации о соответствии и обеспечения доступности объектов для лиц с инвалидностью и других маломобильных групп населения

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

Сәйкестік декларациясы – құрылыс объектісінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін растау мәселесіне қатысты құжат.

Түсіндіру барысында объектілерді жобалау және салу кезінде қолжетімді орта қалыптастыру талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Атап айтқанда, ғимаратқа кіреберістің қолжетімділігі, пандустардың болуы, есіктер мен дәліздердің ені, кедергісіз қозғалыс жолдары, санитариялық бөлмелердің бейімделуі және ақпараттық белгілердің орнатылуы сияқты мәселелерге назар аударылды.

Сонымен қатар, объектіні пайдалануға қабылдау кезінде қолжетімділік талаптарының сақталуы маңызды екені, сәйкестік декларациясын келісу үшін объектінің нақты жағдайы қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес болуы қажеттігі айтылды.

Негізгі мақсат – мүгедектігі бар адамдардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету, олардың қауіпсіз қозғалысына жағдай жасау және қолжетімді орта қалыптастыру.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1308116?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *