🌿 Досбол ауылдық округінде «Даналық формуласы» жобасы өтті 🌿
🤝 Досбол ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен ардагерлерінің қатысуымен «Даналық формуласы» жобасы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Кездесуді Сарысу аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Жандарбек Қалмырза өткізді.
👵🏻👴🏻 Кездесудің басты мақсаты – аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қағидаларын насихаттау.
💬 Тағылымы мол жүздесуде ардагерлер өмір жолынан сыр шертіп, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, жастарға өнегелі әңгімелерін арнады. Ауыл тұрғындары да өз ойларын ортаға салып, мазмұнды пікір алмасты.
❤️ Осындай игі бастамалар аға буынның даналығын дәріптеп, қоғамдағы сыйластық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
✨ Даналық – ұрпаққа аманат, өмірлік тәжірибе – баға жетпес қазына!
📍 Досбол ауылдық округі
#ДосболАуылдықОкругі #ДаналықФормуласы 🌿
#АрдагерлергеҚұрмет ❤️
#ҰрпақтарСабақтастығы 🤝
#РуханиҚұндылықтар 🇰🇿
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/1307996?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ