❄️ КҮННІҢ САЛҚЫНДАУЫ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР!

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

❄️ КҮННІҢ САЛҚЫНДАУЫ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР!

Ауа температурасының төмендеуіне және жылыту маусымы толық басталғанға дейін көптеген тұрғындар электр жылыту құралдарын пайдалануда.

🔥 Өрттің алдын алу үшін:

• тек жарамды, зауытта өндірілген электр жылыту құралдарын пайдаланыңыздар;
• қосулы тұрған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;
• зақымдалған розеткаларды, ашаларды және электр сымдарын пайдаланбаңыздар;
• бірнеше қуатты электр құралын бір уақытта қосып, электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеңіздер;
• жылытқыштардың үстін киіммен және басқа да заттармен жаппаңыздар;
• оларды жиһаздан, перделерден және басқа да жанғыш материалдардан қауіпсіз қашықтықта орналастырыңыздар;
• балаларды қосулы тұрған электр құралдарына жақындатпаңыздар.

⚠️ Есте сақтаңыздар: электр жабдықтарының ақаулы болуы және оларды пайдалану ережелерінің бұзылуы өртке әкелуі мүмкін.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Ақтөбе облысының ТЖД

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-saralzhyn/press/news/details/1306858?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version