Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бисенбай Тасболатұлы жетекшілік ететін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Таласов Бақытжан Амангелдіұлын, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдаров Еркебұлан Токтарұлын және ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдразахов Ерлан Әжімұханұлын қабылдады.
Қабылдау барысында аталған салалар бойынша ағымдағы жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен басым бағыттар талқыланды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру, аудандық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мәдени іс-шаралардың сапасын арттыру, мемлекеттік тіл саясатын жүйелі жүзеге асыру, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды спорттық және мәдени шараларға кеңінен тарту, сондай-ақ ауданның мәдени-рухани әлеуетін арттыру бағыттары қаралды.
Ішкі саясат саласы бойынша қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысты нығайту, этносаралық татулық пен бірлікті қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, діни ахуалға мониторинг жүргізу, ақпараттық кеңістіктегі жұмысты күшейту және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүйелеу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысымен әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, анықталған мәселелерді шешуге және алдағы міндеттерді сапалы орындауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына белгіленген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстап, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ауданның мәдени-рухани дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1303401?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ