ҚАРТЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ!

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

ҚАРТЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ!
Халықаралық Қарттар күніне орай Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Берік Дауловтың қатысуымен аудандық мәдениет үйінде ардагерлер мен аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Тағылымы мол ғұмыр кешіп, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Кеш барысында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарға жылы лебіздер айтылып, зор құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада елге еңбегі сіңген ақсақалдарымыз марапатталып, өнерпаздар әсем ән шырқап, күмбірлеген күй мен мың бұралған би арқылы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір өнер туындысы үлкендерге деген алғыс пен ізеттің жарқын көрінісіне айналды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1303859?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *