«112 Шымкент» бағдарламасы жедел-құтқару жасағында қонақта

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

«Оңтүстік» телеарнасының «112 Шымкент» бағдарламасының кезекті шығарылымында жедел-құтқару жасағы психологының қызметі және оның құтқарушылар жұмысындағы рөлі туралы айтылды.

Құтқарушының жұмысы жоғары жауапкершілікті, шұғыл шешім қабылдауды және кез келген жағдайда эмоциялық тұрақтылықты сақтай білуді талап етеді. Жоғары жүктеме мен күйзеліс жағдайында психолог маман қызметкерлерге өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға, эмоцияларын реттеуге, сабырлық сақтауға және қысқа уақыт ішінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Психологтың қызметі құтқарушыларға қолдау көрсетумен ғана шектелмейді. Төтенше жағдай кезінде маман оқиға орнына барып, зардап шеккендерге және олардың жақындарына психологиялық көмек көрсетеді. Ол адамдарға эмоционалдық күйзелісті еңсеруге және қиын жағдайды жеңіл өткеруге жәрдемдеседі.

Осылайша, психолог  құтқарушылардың психологиялық тұрақтылығын сақтауға ықпал етіп, төтенше жағдайға тап болған азаматтарға және олардың жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1303925?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version