Балаларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтары жаңартылды: бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелерінен дипфейктер мен дропперлікке дейін

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

Балабақшаларда, мектептерде және колледждерде жеке қауіпсіздік сабақтарының мазмұны жаңартылды. Бағдарламаға балалар мен жасөспірімдер күнделікті өмірде және цифрлық ортада кездесуі мүмкін қауіптерге арналған 140-тан астам тақырып енгізілді.

Жаңа тақырыптарды ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ және бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Бағдарлама жеке және цифрлық қауіпсіздікті, құқық бұзушылықтар мен алаяқтықтың алдын алуды, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерді және денсаулықты сақтау мәселелерін қамтиды.

Мазмұн балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бейімделген. Мектеп жасына дейінгі балаларға бейтаныс адамдармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау, көмек сұрау және адасып қалған жағдайда не істеу керектігі үйретіледі. Бастауыш сынып оқушылары жеке шекара, интернеттегі қауіпсіздік, күмәнді сілтемелер, өрт кезіндегі және эвакуация кезіндегі әрекет ету ережелерін үйренеді.

Жасөспірімдерге буллинг және кибербуллинг, интернеттегі алаяқтық, жеке деректерді қорғау, жалған жаңалықтар, дипфейктер және жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану тақырыптары ұсынылады. Сондай-ақ қысым көрсету, бопсалау, қорқытып ақша талап ету және аңду жағдайлары қарастырылады.

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері дропперлік және «оңай ақша табу» схемаларын, қаржылық және еңбек саласындағы алаяқтықты, интернеттегі қауіпті таныстықтарды, грумингті, сталкингті, манипуляция мен арбауды, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу қаупін талдайды.

Сабақтар апта сайын сынып сағаты немесе кураторлық сағат аясында 10 минуттан өткізіледі. Негізгі назар тәжірибеге аударылған: балалар өмірде кездесетін нақты жағдайларды талдап, қауіпті тануды, өздерін қорғауды және көмек алу үшін кімге жүгіну керектігін үйренеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1300940?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version