
«Ауыл аманаты» бағдарламасының қысқаша негізгі талаптары
«Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарына кәсіп бастауға немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін дамытуға арналған жеңілдетілген микрокредит бағдарламасы.
Негізгі талаптары:
• Несие мөлшерлемесі – жылына 2,5%-дан аспайды.
• Несие мерзімі – 5 жылға дейін,
• Бір өтініш берушіге 2026 жылғы мөлшер бойынша 10,8 млн тенгеге дейін беріледі.
• Қатысушының жобаны іске асыратын ауылдық елді мекенде соңғы 12 айда тұрақты тіркеуі болуы қажет.
• Жобаға кепілдік қамтамасыз ету қажет. Яғни Жылжымайтын мүлік. Мүліктің құнының бағалуының 70 %-ға жуықпен есептеледі.
• Қаражат тек бизнес-жоспарда көрсетілген мақсатқа жұмсалуы тиіс.
• Негізгі бағыттар: өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, кооперативтер, ауылшаруашылығы техникалары тракторлар алуға және жабдық алу ,ауылдағы басқа да кәсіп түрлері. СТО, Мойка, вулканизация, наубайхана т.б
• Несие алушы зейнеткерлік жасқа толса болмайды.
• Басқа банктерде көп мөлшерде несиелері болмауы керек, мерзімі өткен қарыздары болмауы керек.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-karaboget/press/news/details/1300740?lang=ru

Добавить комментарий