Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумында Мемлекетбасшысының қатысуымен Ақмола облысыныңәкімі Марат Ахметжанов қытайлық бизнес өкілдерімен екі келісімге қол қойды. Оның біріоблыста үш жел электр станциясын салудыкөздесе, екіншісі Жақсы ауданындағы элеватордыжаңғырту жобасына қатысты.
Ақмола облысы – еліміздің ірі аграрлықөңірлерінің бірі. Сонымен қатар өңірдежаңартылатын энергия көздерін дамытуға да басымдық беріліп отыр. Бүгінде облыстаөндірілетін электр энергиясының шамамен бестенбірін жаңартылатын энергия көздері қамтамасызетеді.
Келісімдердің біріне Марат Ахметжанов SUNGROW Renewable Development Co., Ltd. компаниясының директоры Сюй Минфэнмен қолқойды. Қытайлық компания Ақмола облысындақуаты 300, 100 және 50 МВт болатын үш желэлектр станциясын салуды жоспарлап отыр. Олардың жалпы қуаты 450 МВт-ты құрайды. Жобаға салынатын инвестиция көлемі $500 млн-ға дейін жетеді.
Қуаты 300 МВт болатын ең ірі жел электрстанциясы Есіл ауданында бой көтереді. Ал жалпы қуаты 150 МВт болатын тағы екі станция Зеренді ауданында салынады. Жобаларды 2026–2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нысандар іске қосылғаннан кейін 25-тен астамтұрақты жұмыс орны ашылады.
«Бүгін қол қойылған келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтыдамытудың маңызды қадамы. SUNGROW компаниясымен бұрыннан бері нәтижелі жұмысістеп келеміз. 2023 жылы Аршалы ауданындажалпы қуаты 221 МВт болатын жаңартылатынэнергия жобалары іске асырылды. Инвестиция көлемі 100 млрд теңгеден асты. Жаңа жобажаңартылатын энергетика қуатын арттырып, жеке инвестиция тартуға және жаңа жұмысорындарын ашуға мүмкіндік береді. Әкімдікжобаларды іске асырудың барлық кезеңіндеқажетті қолдау көрсетеді», – деді облыс әкімі.
Жел электр станцияларын салуға қажеттідайындық жұмыстары аяқталған. Жер учаскелерірәсімделіп, жобалық-сметалық құжаттамаәзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылғы қазанайында басталады деп жоспарланып отыр.
Инвестициялық форум аясында тағы бірмаңызды жоба талқыланды. Марат Ахметжанов қытайлық East Hope Group компаниясыныңөкілдерімен Жақсы ауданының Қазақ ауылындағыэлеваторды жаңғырту жұмыстарын аяқтаумәселесін қарастырды. Инвестор жұмыс істептұрған элеваторды сатып алып, қазіргі таңда оны жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба толықіске асқаннан кейін кәсіпорын бидайды қабылдап, сақтап және өңдеумен қатар, жылына 100 мыңтоннаға дейін жемдік ұн өндіре алады.
Жобаға $6 млн инвестиция салынады. Қазіргіуақытта құрылыс жұмыстарының 80%-ға жуығыаяқталған. Кәсіпорын толық қуатына шыққаннанкейін 30 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жаңғыртылған элеваторды биыл қазан айындаіске қосу жоспарланып отыр.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1299924?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ