Саурықов Байұзақты еске алуға арналған кіші футболдан турнир

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылында 17.05.2026 жылы Қарабөгет ауылдық округінің әкімі болған Саурықов Байұзақты еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті.
✅ Турнирге ауданға қарасты ауылдар мен ауылдық округтерден жалпы саны 11 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында командалар спорттық шеберліктерін байқатып, жанкүйерлерге әсерлі кездесу сыйлады.
Аталған турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортты дамыту және Саурықов Байұзақтың есімін ұлықтау болды.
Келесі кезекте іс-шара барысында Саурықов Байұзақ атамыздың рухына бағышталып ас беріліп, құран бағышталды. Жиналған көпшілік Байұзақ атамыздың өнегелі өмір жолын еске алып, оның ел ішіндегі абыройлы еңбегі жайында жылы лебіздерін білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-karaboget/press/news/details/1298854?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version