ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

«Сайрам Тазалық» мекемесінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 17 тамыз – 28 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Сайрам Тазалық» мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – ішкі талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және олардың туындау себептерін жан-жақты талқылау, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар қалыптастыру.

Аталған іс-шара мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

📍 Өтетін орны: «Сайрам Тазалық» мекемесі
📅 Күні: 25 қыркүйек 2026 жыл
⏰ Уақыты: 10:00

«Сайрам Тазалық» мекемесі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1298415?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *