«Махамбет оқулары» — руханият пен білім додасы

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

 

«Махамбет оқулары» — руханият пен білім додасы

18 қыркүйек күні аудан көлемінде ұлт руханиятының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Аудандық деңгейде ұйымдастырылған тағылымды сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, өздерінің білімін, өнерін және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Байқауда мектебіміздің оқушылары да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Омарғали Айнара мен Әбікен Көркем жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, мектебіміздің мерейін үстем етті.

Оқушыларымыз байқау барысында Махамбет шығармаларын терең меңгергенін, ақынның өр рухын, елдік пен ерлік идеясын жеткізе білетінін көрсетті.

Бұл жетістік — оқушылардың ізденісі мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының бағыт-бағдарының нәтижесі. Жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, тарихи тұлғалардың өнегесін дәріптеу — маңызды міндеттердің бірі.

Жүлдегер оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биіктерден көрініп, білім мен өнер жолында толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

Мектебіміздің мақтанышы болған оқушыларымызға алғысымыз шексіз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1297849?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *