Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮЛКІБАСТА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түлкібас ауданында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына 2 050 адам қатысып, көшелер, аулалар, саябақтар, скверлер мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын тазартуға атсалысты. Іс-шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Асыл Нұрлыбаев тазалықтың қоғам денсаулығы мен келешегі үшін маңызын атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақырды. Сондай-ақ, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Данияр Серік қатысушыларға алғысын білдірді.
Сенбілікте 31 тонна қоқыс жиналып, 25 гектарға жуық аумақ тазартылды. Сонымен қатар, 200 түп ағаш отырғызылды. Аталған шара ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Түлкібас ауданында тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1295698?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version