Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КӨШБАСШЫ МЕКТЕБІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан қаласында облыстық жастар ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Эльмира Байдарбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрғазы Тажыбеков, Түркістан қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Еркебұлан Өндірбай, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Кездесу барысында мамандар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары, құқықтық жауапкершілік және қоғамда адалдық қағидаттарын орнықтыру мәселелері бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, жастар ұйымдарының өкілдері сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастардың рөлі маңызды екенін атап өтті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЁЛ СЕМИНАР «ШКОЛА АНТИКОРРУПЦИОННОГО ЛИДЕРСТВА» ДЛЯ МОЛОДЁЖИ
В Туркестане прошёл семинар «Школа антикоррупционного лидерства» для лидеров областных молодёжных организаций.
Главная цель мероприятия — формирование у молодёжи антикоррупционной культуры, продвижение ценностей честности и добропорядочности, повышение правовой грамотности, а также вовлечение молодых людей в общественные инициативы, направленные на предупреждение коррупции.
В семинаре приняли участие уполномоченный по этике аппарата акима Туркестанской области Ербол Орманов, главный специалист Управления по предупреждению коррупции Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Туркестанской области Эльмира Байдарбекова, руководитель отдела областного управления общественного развития Нургазы Тажибеков, участковый инспектор полиции Управления полиции Туркестана Еркебулан Ондирбай, руководитель Туркестанского областного молодёжного ресурсного центра Ернар Бектаев и лидеры молодёжных организаций.
Во время встречи специалисты рассказали о мерах по предупреждению коррупции, нормах этики на государственной службе, правовой ответственности и важности укрепления принципов честности в обществе.
Представители молодёжных организаций также задали специалистам интересующие их вопросы и обменялись мнениями.
Участники отметили, что молодёжь играет важную роль в формировании антикоррупционной культуры и продвижении принципов честности в обществе.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1294044?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version