ҚҚС БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өзгерістер тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мадияр Мансұр ҚҚС саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндірме берді.
Атап айтқанда, төмендегі мәселелер қамтылды:
ҚҚС мөлшерлемесіндегі өзгерістер;
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою түрлері;
ҚҚС бойынша міндетті тіркеу;
Міндетті тіркеу есебіне қоюға жатпайтын мекемелер;
Салық төлеушіні ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару тәртібі.
Сонымен қатар, брифинг барысында салық төлеушілерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, ҚҚС бойынша салықтық міндеттемелерді дұрыс орындау тәртібі түсіндірілді.
Салық заңнамасындағы өзгерістерден хабардар болу – салық міндеттемелерін дұрыс орындаудың маңызды шарты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1293979?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ