
16.09.2026 жылы Бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өтті
Жаңа оқу жылындағы міндеттерді айқындау мақсатында Бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өткізілді.
Отырыс барысында жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып, пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысының негізгі бағыттары белгіленді.
Негізгі мақсат – білім алушылардың әскери-қолданбалы дағдыларын жетілдірумен қатар, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік, тәртіп, батылдық және азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Жоспарға:
🔹 ашық сабақтар мен тәжірибе алмасу;
🔹 әскери-патриоттық іс-шаралар;
🔹 әскери-спорттық жарыстар;
🔹 практикалық дайындықты жетілдіру;
🔹 қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
🔹 заманауи оқыту әдістерін қолдану бағыттары енгізілді.
Қауымдастық мүшелері алдағы оқу жылындағы жұмыстарды талқылап, өзара тәжірибе алмасып, ортақ мақсат-міндеттерді нақтылады.
Бірлікпен атқарылған жұмыс – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі!
«Ел қорғаны – білімді әрі тәртіпті ұрпақ!»

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1293859?lang=ru

Добавить комментарий