ҚҰРМЕТТІ ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Жыл басынан бері аудан орталығының тұрғындары көгілдір отын игілігін пайдалана бастады. Қазіргі инфрақұрылым толық дайын. Бүгінде ауылдың барлық көшелеріндегі газ желілері толық іске қосылды. Негізгі трассаның барлығында табиғи газ бар.
Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қажетті монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтаған жағдайда, Шолаққорғандағы тұрғын үйлерді жылу маусымына дейін барынша толық табиғи газға қосуға мүмкіндік бар.
Ендігі кезекте – әрбір шаңырақты көгілдір отынға қосу. Тұрғындар өз үйлеріндегі қажетті монтаждау жұмыстарын аяқтап, тиісті талаптарды орындаған жағдайда, газға қосылу жұмыстары жалғаса береді.
2026 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісінде 1 газ реттеу пункті, 22 газ реттеу қондырғысы және 216,6 шақырым газ құбыры газға толтырылды. Жалпы 4600 абоненттің 850-і табиғи газға қосылды.
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының мамандары газ тарату желілерінің жағдайын күнделікті бақылауда ұстап, тұрғындарға қосылу мәселелері бойынша тиісті қызмет көрсетуде.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1293062?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version