🏘️ ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету бағытында Жангелдин ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
📍 *Байланыс инфрақұрылымы*
Сарысу ауылында биіктігі 24 метр болатын байланыс мұнарасының құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындары үшін **Beeline байланыс желісі мен 4G мобильді интернетінің* қолжетімділігі артады.
Сонымен қатар Шилі, Милісай және Көлқамыс ауылдарына *талшықты-оптикалық байланыс желілері* тартылуда.
🏠 *Тұрғын үй құрылысы*
Әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша да нақты жұмыстар атқарылуда. Биыл ауданда *24 пәтер салу жоспарланса, келесі жылы тағы 20 пәтер салу көзделген.*
Бұдан бөлек, азаматтардың жеке қаражаты есебінен де тұрғын үйлер салынуда. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген мүмкіндіктерінің артып келе жатқанын көрсетеді.
🏋️ *Ауыл спортына қолдау*
Тәуіш ауылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен модульді ангар үлгісіндегі спорт залы орнатылуда. Жаңа нысан ауыл тұрғындарына, әсіресе жастар мен балаларға спортпен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді.
🐄 Ветеринариялық инфрақұрылым жаңаруда
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Тәуіш, Саға, Сужарған, Аралбай, Көкалат, Аққөл, А.Байтұрсынұлы, Ақшығанақ және Шилі ауылдарына жаңа ветеринариялық пункттер орнатылуда.
Қазіргі таңда нысандар бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.
*Басты мақсат – ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-zharkol/press/news/details/1291232?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ